Accessibility links

Түркияда наразылық алтыншы күнге созылды


Түркиядағы полиция мен үкіметке қарсы наразылық танытушылар арасындағы қақтығыс алтыншы күнге жалғасты. Сейсенбіде Анкара мен Стамбулдағы шерулерде полиция демонстранттарды тарату үшін су шашып, көзден жас ағызатын газ қолданған. Екі қалада да наразылық танытушылар үкімет кеңсесіне шерулетіп бармақ болған.

Түркия вице-премьері Бүлент Арынч сейсенбіде үкімет бесінші күнге созылған халық толқуларынан "сабақ алғанын" айтып, түркиялықтарды наразылық шерулерін тоқтатуға шақырды. Ол полицияның "шектен тыс күш қолданғанын" мойындап, зардап шеккендерден кешірім сұрады.

Бүлент Арынч өткен жұмадағы наразылыққа қатысушылардың талаптары заңды екенін айтып, демонстрацияны ұйымдастырушылардан қарсылық шерулерін тоқтатуды сұрады.

Өткен жұмада Стамбулда полиция Таксим алаңындағы паркке құрылыс жұмыстарын жүргізуге қарсылық танытқандарды күшпен басып-жаншыған еді. Полицияның бұл әрекеті Стамбул мен басқа да қалаларда жаппай наразылық шерулеріне ұласты. Анкарада шерушілер саяси талаптар қойып, премьер-министр Режеп Тайып Ердоған үкіметінің отставкаға кетуін талап етті. Алтыншы күнге созылған наразылық шерулерінде екі адам қаза тапты, жүздеген адам жараланды.

Режеп Тайып Ердоған бұған дейін қарсылық шерулерінде "экстремистік элементтер бар" деген еді.
XS
SM
MD
LG