Accessibility links

БҰҰ Сирияда химиялық қару қолданылғанын айтты


Сирия көтерілісшілерінің сарбазы үкімет күштерімен ұрыс кезінде. Сирия, Алеппо, 3 маусым 2013 жыл.

Сирия көтерілісшілерінің сарбазы үкімет күштерімен ұрыс кезінде. Сирия, Алеппо, 3 маусым 2013 жыл.

БҰҰ инспекторлары Сирияда белгілі мөлшерде химиялық қару қолданылған деп ұйғаруға боларлықтай себептер барын мәлімдеді. Бұл туралы БҰҰ тергеу комиссиясының сейсенбіде Женевада жариялаған, Сирияға қатысты дайындаған есебінде айтылды.

Бірақ инспекторлар химиялық қарудың қандай түрі қолданылғанын, оны соғысып жатқан қос тараптың қайсысы қару ектенін анықтау үшін қосымша мәліметтер қажет екенін айтады.

Бұдан бұрын Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус француз үкіметі Сирияның кейбір аудандарында зарин газы қолданылғанына сенімді екенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, бұл газдың қолданылғанын Сирияда сараптама жүргізген мамандар анықтаған.

БҰҰ баяндамасында қаңтардың ортасынан мамырдың ортасына дейінгі аралықтағы Сириядағы жағдай қамтылған. Онда "әскери қылмыс пен адамзатқа қарсы қылмыс Сирияда күнделікті құбылысқа айналғаны" айтылады.

Сирияда Асад режиміне қарсы 2011 жылы наурызда басталған қарулы көтеріліс барысында БҰҰ дерегі бойынша 80 мыңнан аса адам қаза тауып, бірнеше миллион тұрғын баспанадан айырылды.
XS
SM
MD
LG