Accessibility links

Жалал-Абадтағы наразылар Бішкек-Ош жолын ашты


Оппозициялық "Ата-Жұрт" партиясының жақтастары наразылық танытып, Бішкек-Ош жолын жауып тастады. Жалал-Абад, Қырғызстан, 4 маусым 2013 жыл.
Оппозициялық "Ата-Жұрт" партиясының жақтастары наразылық танытып, Бішкек-Ош жолын жауып тастады. Жалал-Абад, Қырғызстан, 4 маусым 2013 жыл.
Қырғызстанның Жалал-Абад облысында наразылық танытушылар жауып тастаған Бішкек-Ош жолы ашылды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Наразылық танытқандар 2 маусымда оппозициялық "Ата-Жұрт" партиясының қамаудағы үш жетекшісі мен "Жалал-Абад облысының халық губернаторы" деп жарияланған белсенді Медербек Үсеновті босатуды талап етіп, Бішкек-Ош жолын жауып тастаған еді.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Медербек Үсеновті 2 маусымда қамаған. Наразылық танытушылардың талабынан соң оны 4 маусым күні түнде босатты. Үсенов бүгін Бішкек-Ош жолы бойындағы наразылық білдірген жұртқа барып, жолды ашуға шақырған.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, қырғыз премьері Жантөре Сатыбалдиев бүгін наразылық танытушылармен жолықпақ.

31 мамырда жүздеген адам оппозициялық "Ата-Жұрт" партиясының қамаудағы үш жетекшісін босатуды талап етіп, наразылық танытқан еді. Шерушілер Жалал-Абадтағы облыс әкімшілігі кеңсесін басып алып, Медербек Үсеновті "халық губернаторы" етіп сайлағанын жариялаған. Арнайы қызмет Үсеновті осыдан соң бірден қамаған.
XS
SM
MD
LG