Accessibility links

Алматыда босқындар ісі жөнінде жиын басталды


БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Антонио Гутерриш сириялық босқындармен сөйлесіп отыр. Триполи, Ливия, 15 наурыз 2013 жыл. Көрнекі сурет.
БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Антонио Гутерриш сириялық босқындармен сөйлесіп отыр. Триполи, Ливия, 15 наурыз 2013 жыл. Көрнекі сурет.
Алматыда бүгін босқындар құқықтарын қорғау және халықаралық көші-қон мәселелеріне арналған екінші аймақтық министрлер конференциясы басталды.

Конференцияны Қазақстан үкіметі, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы және Халықаралық көші-қон ұйымы ұйымдастырған.

Халықаралық көші-қон ұйымы таратқан хабарламаға қарағанда, конференцияға Орталық Азия мен көршілес тоғыз мемлекеттің министрлері қатысады.

Жиынды Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ашты. Конференцияда Халықаралық көші-қон ұйымының бас директоры Лаура Томпсон және БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Антонио Гутерриш сөйледі.
XS
SM
MD
LG