Accessibility links

Түркімен-ауған-тәжік теміржолы құрылысы басталды


Теміржол құрылысы, Тәжікстан. Көрнекі сурет.
Теміржол құрылысы, Тәжікстан. Көрнекі сурет.
Ауғанстан, Тәжікстан және Түркіменстан президенттері бүгін үш елді бір-бірімен жалғайтын жаңа теміржол желісі құрылысының ашылуына қатысты. Президенттер Хамид Карзай, Эмомали Рахмон және Гурбангулы Бердімұхамедов Түркіменстанның Атамыра қаласына жақын жерде басталған теміржол құрылысының іргетасын қалады.

Президенттер жаңа теміржол салу туралы өзара түсіністік меморандумына наурыз айында қол қойған еді.

Бердімұхамедов сол кезде теміржолдың Түркіменстандағы Атамұрат пен Имамназар станцияларын қосатын бөлігінің құрылысын биыл бастауды ұсынған.

Карзай мен Бердімұхамедов биыл мамырда Ашғабадта қол қойған келісім бойынша теміржол кейін Ауғанстанға, одан ары Тәжікстанға қарай созылады.
XS
SM
MD
LG