Accessibility links

Парсы кілемі 33,7 миллион долларға сатылды


Парсы кілемі. Көрнекі сурет.

Парсы кілемі. Көрнекі сурет.

17 ғасырдың бас кездерінде жасалған парсы кілемі Нью-Йоркте, аукционда рекордтық бағаға - 33 миллион 700 мың АҚШ долларына сатылды.

Sotheby's аукцион үйінің хабарлауынша, кілемді сатып алушы аты-жөнін құпия ұстап, телефон арқылы саудаласқан. Жүзім ағашы мен түрлі-түсті гүлдер оюланған кілемді Вашингтондағы Корконар өнер галереясы сатып отыр.

Севефидтер династиясы тұсында тоқылған кілемді Корконар галереясына 1926 жылы Монтана штатынан сайланған сенатор Уильям Кларк тапсырған.

2009 жылы сәуірде Лондондағы Christie's аукцион үйінде тағы бір парсы кілемі 9 миллион 600 мың долларға сатылған еді.
XS
SM
MD
LG