Accessibility links

Болотная ісі бойынша сотта алдын-ала тыңдау басталды


Болотная алаңындағы оқиғалар бойынша айыптылар сотқа жеткізілді. Мәскеу, 6 маусым 2013 жыл.

Болотная алаңындағы оқиғалар бойынша айыптылар сотқа жеткізілді. Мәскеу, 6 маусым 2013 жыл.

2012 жылы мамырда Мәскеудің Болотная алаңында үкіметке қарсы шерулер кезіндегі тәртіпсіздіктерге қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдауы бүгін басталды. Сотқа тартылған 12 адамға "жаппай тәртіпсіздікке қатысып, полицияға шабуылдады" деген айыптар тағылып отыр. Егер айыптары дәлелденсе, олар сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Болотная алаңындағы наразылық пен тәртіпсіздік Владимир Путиннің инаугурациясынан бір күн бұрын, 6 мамырда болған еді. Бұдан соң бірнеше адам ұсталып, оларға "тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды" деген айып тағылған. Оппозиция белсенділері "наразылық кезінде туындаған тәртіпсіздіктерді биліктің өзі ұйымдастырды" деп санайды.

Наразылық акциялары болуы мүмкін деген қауіппен Мәскеу сотының маңына полиция шоғарыландырылған.
XS
SM
MD
LG