Accessibility links

Шымкентте "діни араздық қоздырушы" сотталды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысының 20 жастағы тұрғыны "діни араздық қоздырғаны" үшін сотталды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Қаланың Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Ш.Бисембиеваның айтуынша, сотталушының үйінен діни мазмұндағы DVD дискілер мен әдебиеттер табылған. Сот оны қылмыстық кодекстің 164-бабының 1-тармағы бойынша ("діни алауыздықты қоздыру") айыпты деп тауып, бір жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасын кескен.

Сотталушы жазасын жалпы режимдегі колонияда өтемек.
XS
SM
MD
LG