Accessibility links

ФСБ: Сирияда ресейліктер де соғысып жүр


Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің (немесе ФСБ) басшысы Александр Бортниковтың айтуынша, Сирияда "Әл-Қаида" жасақтарымен бірге екі жүзге тарта ресейлік те соғысып жүр. Бұл туралы ол Қазан қаласында өткен халықаралық қауіпсіздікке арналған жиында айтты. Бортниковтың сөзіне қарағанда, Сирияда соғысып жүрген Ресей азаматтарының көпшілігі - Солтүстік Кавказ аймағынан шыққан және "Кавказ әмірлігі" тобының жауынгерлері.

ФСБ басшысы Сирия президенті Башар Асад үкіметіне қарсы соғысып жүрген, Ресей және басқа елдерден шыққан "содырлар" "тек Ресей және ТМД мемлекеттеріне ғана емес, Еуропа және Америка құрлығы елдеріне де қауіп төндіреді" дейді.

Бортниковтың пікірінше, Сириядан еліне қайтқан сарбаздар соғыс жүргізу тәжірибесін үйреніп, Солтүстік Африканың террористік топтарымен жаңа байланыстар орнатып келеді.
XS
SM
MD
LG