Accessibility links

"Болотная ісі" бойынша 10 айыпталушы 6 айға қамалды


Болотная алаңындағы оқиғалар бойынша айыптылар сот залында. Мәскеу, 6 маусым 2013 жыл.

Болотная алаңындағы оқиғалар бойынша айыптылар сот залында. Мәскеу, 6 маусым 2013 жыл.

Мәскеу қалалық соты бейсенбіде осыдан бір жыл бұрын Болотная алаңында болған тәртіпсіздіктер бойынша қозғалған істе 10 айыпталушыны қамау мерзімін 6 айға ұзартты. Алдын ала тыңдау өткізген сот бір айыпталушының тергеу аяқталғанша ешқайда кетпеу туралы қолхат мерзімін, тағы бір айыпталушының үйқамақта отыру мерзімін ұзартты.

Болотная алаңындағы наразылық пен тәртіпсіздік 2012 жылы 6 мамырда, Владимир Путиннің инаугурациясынан бір күн бұрын болған. Наразылықтан соң бірнеше адам ұсталып, оларға "тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды" деген айып тағылған.

Оппозиция белсенділері "наразылық кезінде туындаған тәртіпсіздіктерді биліктің өзі ұйымдастырды" деп санайды.

Болотнаядағы наразылық - 2011 жылы Ресейдегі парламент сайлауынан соң басталған ең ірі қарсылық шерулерінің бірі.
XS
SM
MD
LG