Accessibility links

Ауғанстанда 7 грузин сарбазы қаза тапты


Ауғанстанда қаза тапқан грузин сарбаздарының денелерін еліне әкелді. Тбилиси, 16 мамыр 2013 жыл.

Ауғанстанда қаза тапқан грузин сарбаздарының денелерін еліне әкелді. Тбилиси, 16 мамыр 2013 жыл.

Ауғанстанның солтүстігіндегі Гильменд уәлаятында жанкешті жасаған жарылыстан Грузияның жеті сарбазы қаза тапты.

Грузия армиясы орталық штабының басшысы, генерал Ираклий Дзнеладзенің айтуынша, жарылыс Гильменд уәлаятындағы грузин әскері орналасқан базаның жанында болған. Жанкешті жарылғыш заттар толтырылған жүк көлігін жарып жіберген. Жарылыстан бірнеше сарбаз жараланған.

"Талибан" ұйымы бүгін өзінің "Voice of Jihad" веб-сайтында жарылысты мойнына алатынын мәлімдеген.

Грузия қорғаныс министрі Ираклий Аласания жарылыстан соң Брюссельге жасайтын сапарын доғарып, бүгін Ауғанстанға барды.

Гильменд уәлаятында мамырдың басында да осындай шабуылдан Грузияның үш сарбазы мерт болған еді. Ауғанстанда шабуылдарда осымен Грузияның 29 сарбазы қаза тапты.

Ауғанстанда Грузияның 1600-ге жуық әскери қызметкері бар. Грузия - НАТО-ға мүше емес елдер арасында Ауғанстанға ең көп әскер жіберген мемлекет.
XS
SM
MD
LG