Accessibility links

Алматыда "борышкерлер" банк алдында акция өткізді


Бүгін Алматыда Kaspi bank ("Каспий банк") бас кеңсесі алдында "Халыққа баспанасын қалдырайық" қозғалысының белсенділері акция өткізді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Қозғалыстың акцияға қатысқан 30-ға тарта өкілі банктен ипотекалық несие бойынша алған үйлерінің қарызын жабуды талап еткен. Кейбір белсенділер банк кеңсесіне кіріп, басшылықпен келіссөз жүргізген.

Борышкерлермен оңаша кездескен банк атқарушы директоры Владлен Ким әр борышкердің мәселесін жеке қарайтындарын айтады.

Акцияға қатысушылардың арасында басқа банктерде "қарызымыз бар" деген азаматтар да болды. Олар алда қарызы бар банктер алдында да осындай акциялар өткізуді жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG