Accessibility links

Ақмола облысында автобус жүк көлігіне соғылды


Жол апатына ұшыраған жолаушылар автобусы. Көрнекі сурет.

Жол апатына ұшыраған жолаушылар автобусы. Көрнекі сурет.

Ақмола облысында өткен түні жүк көлігімен соқтығысып қалған автобустың жүргізушісі қаза тауып, төрт жолаушының зардап шеккені туралы хабарлады Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Маусымның 8-і күні сағат 02.10 шамасында Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында жолаушылар тасымалдайтын «Мерседес» автобусы мен «Газ» жүк автокөлігі соқтығысып қалған. «Газ» автокөлігі жанып кеткен. Апат салдарынан автобус жүргізушісі сол жерде мерт болған, автобуста отырған төрт адам түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілді» делінген төтенше жағдайлар қызметі таратқан ақпаратта.

Бірақ бұл жол апатына не себеп болғаны туралы айтылмаған.
XS
SM
MD
LG