Accessibility links

Түрік полициясы шерушілерге тағы да су мен газ шашты


Үкіметке қарсы шеруге шыққандарға полиция cу шашты. Анкара, Түркия, 8 маусым 2013 жыл.

Үкіметке қарсы шеруге шыққандарға полиция cу шашты. Анкара, Түркия, 8 маусым 2013 жыл.

Сенбі күні Түркия астанасы Анкарада полиция қарсылық шеруін тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен су шашты. Қызылай алаңында өткен наразылық акциясына бірнеше мың адам қатысқан.

Бұның алдында билеуші «Әділеттілік және даму» партиясы елде мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы оппозицияның талабын қабылдамайтындарын мәлімдепді. Партия төрағасының орынбасары Хусейн Челик белгіленген жоспарға сәйкес келесі жылы жергілікті және президент сайлауы, ал 2015 жылы парламент сайлауы өткізілетінін айтты.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған елдегі наразылық шеруін тоқтатуға шақырып, Стамбулдың орталығындағы бақта сауда орталығын салу туралы бастапқы жоспардың өзгергені туралы жариялады.

Өткен жұмада Стамбулдағы Таксим алаңына шығып, қала орталығындағы саябақтың орнына сауда ғимаратын салу туралы билік жоспарына қарсылық білдірген жүздеген адамды полиция көзден жас ағызатын газбен атқылап қуып таратқаннан кейін Стамбул, Анкара және Измир қалаларында мыңдаған адам жаппай наразылық акцияларын өткізді. Бұл шерулерде үкіметке саяси талаптар да қойылды.
XS
SM
MD
LG