Accessibility links

Guardian: Онлайн бақылау құпиясын тыңшының өзі ашты


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ұлыбританиялық Guardian газеті журналиске АҚШ үкіметінің онлайндық бақылау орнататын құпия бағдарламасы туралы ақпарат берген адамның аты-жөнін жария етті.

Guardian-ның хабарлауынша, PRISM деп аталатын құпия бағдарлама туралы ақпаратты басылымға АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінде келісім-шарт бойынша қызмет істейтін Эдвард Сноуден деген азамат берген. Ол басылымнан аты-жөнін жария етуді өзі сұраған.

Guardian-ның жазуынша, Сноуден "қоғам АҚШ үкіметінің әрбір адамға тыңшылық жасайтын өте құпия жүйе құрғанын біліп жүргенін қалайтынын" айтқан.

Бағдарлама ұлттық қауіпсіздік агенттігі мен Федералдық тергеу бюросына америкалық ең ірі интернет провайдерлерінің серверлеріне тікелей қосылып, терроризмге қатысы бар деген күдікті шетел азаматтарының электронды хаттары мен басқа да құжаттарын бақылауына мүмкіндік береді.

АҚШ президенті Барак Обаманың айтуынша, бұл бағдарлама қатаң бақылауда және оны қолдану үшін конгрестің мақұлдауы қажет.
XS
SM
MD
LG