Accessibility links

Атырау облысында 3213 шаршы метр жерге мұнай төгілді


Атырау облысының аумақтық картасы. 28 мамыр 2013 жыл. Көрнекі сурет.

Атырау облысының аумақтық картасы. 28 мамыр 2013 жыл. Көрнекі сурет.

Атырау облысында мұнай құбыры жарылып, біраз жерге мұнай төгілді деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, төтенше оқиға "ЕмбіМұнайГаз" компаниясының еншілес кәсіпорны "ЖайықМұнайГаз" мұнай және газ басқармасында болған. Құбырдың "Жаңаталап" және "Балғымбаев" мұнай кен орындары аумағындағы бөлігі жарылған. Зардап шеккен ешкім жоқ.

Құбырдың неден жарылғаны әзірге белгісіз. Алдын-ала есептеулерге қарағанда, 3213 шаршы метр аумаққа мұнай төгілген.
XS
SM
MD
LG