Accessibility links

Қырғызстанда "Хизб-ут-Тахрирге" орай күдіктілер ұсталды


"Хизб-ут-Тахрир" мүшелері ұйымдастырған митинг. Симферополь, Украина, 6 маусым 2013 жыл. Көрнекі сурет.

"Хизб-ут-Тахрир" мүшелері ұйымдастырған митинг. Симферополь, Украина, 6 маусым 2013 жыл. Көрнекі сурет.

Қырғызстанның солтүстігіндегі Нарын қаласында тыйым салынған радикалды "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының мүшесі деген күдікпен бірнеше адам ұсталды.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, ұйымның жергілікті бөлімшесін басқарған 39 жастағы азамат пен оның екі көмекшісі ұсталған. Оларға "діни араздықты қоздырды және экстремистік материалдарды таратты" деген айыптар тағылған.

"Хизб-ут-Тахрир" - орталығы Лондонда орналасқан сүнниттік саяси ұйым. Ұйым "барлық мұсылман елдерін ислам халифатына біріктіруді мақсат тұтатынын" айтады. Қырғызстан, Қазақстан және постсоветтік елдердің бірқатары "Хизб-ут-Тахрирдің" қызметіне тыйым салған.

Өткен жылдың жазынан бері Қырғызстанда бұл ұйымның бірнеше күдікті мүшесі ұсталған.
XS
SM
MD
LG