Accessibility links

Иран парламенті экс-спикері сайлауға түсуден бас тартты


Иран парламентінің бұрынғы спикері, президент сайлауына түсуден бас тартқан Голам Әли Хаддад Адел. Тегеран, 10 мамыр 2013 жыл.
Иран парламентінің бұрынғы спикері, президент сайлауына түсуден бас тартқан Голам Әли Хаддад Адел. Тегеран, 10 мамыр 2013 жыл.
Иран ақпарат құралдары парламенттің бұрынғы спикері Голам Әли Хаддад Адел 14 маусымда өтетін президент сайлауына түсуден бас тартқанын хабарлады.

10 маусымда жарияланған мәлімдемеде Хаддад Адел сайлаушыларды дауыс берген кезде Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеидің саясатына қолдау білдіруге шақырған.

Хаменеимен жақын байланысы бар Хаддад Адель сайлаудан бас тарту себебін түсіндірмеді.

21 мамырда сайлауға кімнің қатысатынын анықтайтын Конституциялық қадағалау кеңесі 700 үміткердің арасынан тек сегіз адамды ғана сайлауға түседі деп шешкен еді.

Енді сайлауға жеті кандидат түспек. Олар - сақшылары корпусының бұрынғы командирі Мохсен Резаи, Тегеран мэрі Мохаммад Бакер Халибаф, бұрынғы телекоммуникация министрі Мохаммад Гарази, Аятолла Әли Хаменеидің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Әли Акбар Велаяти, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бұрынғы және қазіргі келіссөзді жүргізушілер Хасан Рохани мен Саид Жалили, университет профессоры және бұрынғы вице-президент Мохаммад Реза Ареф.
XS
SM
MD
LG