Accessibility links

BBC: Полиция Таксим алаңынан шерушілерді қуып шықты


Демонстранттар премьер Режеп Тайып Ердоған үкіметіне қарсы ұрандар айтып тұр. Стамбул, 8 маусым 2013 жыл.

Демонстранттар премьер Режеп Тайып Ердоған үкіметіне қарсы ұрандар айтып тұр. Стамбул, 8 маусым 2013 жыл.

Стамбулдың орталығындағы үкіметке қарсы наразылық шерулері өтіп жатқан Таксим алаңына тәртіпсіздіктерді басатын арнайы полиция жасақтары кіргізіліп, демонстранттарды алаңнан қуып шықты деп хабарлайды BBC. Сейсенбі таңертең алаңға брондалған техникалармен арнайы полиция жасақтары келе бастаған.

Полиция демонстранттар кедергісін бұзып кіріп, су шашып, көзден жас ағызатын газ қолданып жатыр. Соңғы деректер бойынша, демонстранттар алаңнан Гези паркіне қарай бас сауғалаған.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған сәрсенбіде демонстрацияны ұйымдастырушылармен кездесуге келіскен.

31 мамырда Стамбулдағы Таксим алаңына шығып, қала орталығындағы саябақтың орнына тарихи ғимаратты қалпына келтіру туралы билік жоспарына қарсылық білдірген жүздеген адамды полиция көзден жас ағызатын газбен атқылап қуып таратқан. Бұдан соң Стамбул, Анкара және Измир қалаларында мыңдаған адам жаппай наразылық акцияларын өткізді. Бұл шерулерде үкіметке саяси талаптар да қойылды.

Наразылық шерулерінде барлығы 4 адам қаза тауып, 5 мыңға тарта адам жараланды. Қарсылық шерулері елдің бірнеше қаласында өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG