Accessibility links

Вице-министр Болат Әбілевтен моральдық шығын талап етті


Оппозициялық "Азат" партиясының жетекшісі Болат Әбілев. Алматы, 31 мамыр 2013 жыл.

Оппозициялық "Азат" партиясының жетекшісі Болат Әбілев. Алматы, 31 мамыр 2013 жыл.

Бүгін Алматының Медеу аудандық сотында мұнай және газ вице-министрі Берік Толымбаевтың оппозициялық "Азат" партиясының жетекшісі Болат Әбілевтің үстінен түсірген шағымы бойынша сот отырысы болды. Бұл ҚазТАГ агенттігі хабарлайды.

Толымбаевтың адвокаты Евгения Романованың айтуынша, вице-министр шағымда Әбілевтен моральдық шығын ретінде 151 миллион теңге төлеуді және nuradam.kz сайтында шыққан ақпаратты жоққа шығаруды талап етеді.

Толымбаев 15 наурызда мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Әлихан Бәйменовтің блогына Болат деген атпен қолданушы жазған жазбаға байланысты шағым түсірген еді. Жазба авторы Толымбаевты "Тойота Цусе Қазақстан Авто" компаниясының бас директоры Андрей Чередниковке тиесілі "Тойота Цусе Бутя" компаниясының 4,9 пайыз акция дивидентін (1 миллион АҚШ долларына тең) төлемей отыр деп айыптаған. Кейін Берік Толымбаев Болат Әбілевтен биыл 15 наурызда nuradam.kz сайтындағы онлайн конференция кезінде айтқан мәліметтерін жоққа шығаруды да сұраған.
XS
SM
MD
LG