Accessibility links

Әзербайжандағы Азаттық тілшісі әкімшілік жазаға тартылды


Азаттық радиосы Әзербайжан қызметінің журналисі Хадиджа Исмаилова. Баку, 16 наурыз 2012 жыл.

Азаттық радиосы Әзербайжан қызметінің журналисі Хадиджа Исмаилова. Баку, 16 наурыз 2012 жыл.

Баку соты Азаттықтың Әзербайжан қызметінің тілшісі Хадиджа Исмаиловаға 220 сағат қоғамдық жұмыс атқару жазасын кесті. Сот журналист 500 АҚШ доллары көлеміндегі айыппұлды төлеуден бас тартқан соң осындай жаза бұйырды.

Хадиша Исмаилова мен басқа да бірнеше белсенді қаңтар айында Бакудегі үкіметке қарсы шерулер кезінде ұсталып, оларға айып салынған еді.

Әзербайжан үкіметіндегі сыбайлас жемқорлық фактілерін үнемі жариялап келетін Исмаиловаға қатысты өткен жылы бірнеше рет өсек таратылып, бопсалау жасалған.

2012 жылы қазанда Халықаралық әйелдер медиа қоры Нью-Йоркте Хадиджа Исмаилова мен бірнеше әйел журналисті "Журналистикадағы ерлігі үшін" сыйлығымен марапаттады.
XS
SM
MD
LG