Accessibility links

Мәскеуде гейлер мен оларға қарсылар қақтығысты


Ресей думасының алдында гейлер құқығын қолдаушылар мен христиан белсенділерінің қақтығысын полиция ажыратып жатыр. Мәскеу, 11 маусым 2013 жыл.
Ресей думасының алдында гейлер құқығын қолдаушылар мен христиан белсенділерінің қақтығысын полиция ажыратып жатыр. Мәскеу, 11 маусым 2013 жыл.
11 маусымда Мәскеудегі Ресей мемлекеттік думасының алдында гейлер құқығын қорғаушылар мен православие белсенділері арасында қақтығыс болды. Полиция 20 шақты гейлер құқығын қорғаушыны және бірнеше христиан белсендісін төбелескені үшін тұтқындады.

Мемлекеттік дума жасы кәмелетке толмағандар арасында гомосексуализмді насихаттауға тыйым салатын, ол үшін төленетін айыппұлды көбейтетін заң жобасын қарастырып жатыр. Жаңа заңда гей-шерулерге де тыйым салу қарастырылған. Ресей депутаттары бір жынысты некені заңдастырған елдер өкілдеріне Ресейден бала асырауға да шектеу қоймақшы.

Ресейдің адам құқықтары жөніндегі комиссары Владимир Лукин 11 маусым күні "бұл заңды дұрыс қолданбаса, адамдардың құрбан болуы, қасірет шегуі мүмкін екенін" ескертті.
XS
SM
MD
LG