Accessibility links

Банкрот болған түрік компаниясы туристері түгел оралды


Анталиядағы жағажай, Түркия. Көрнекі сурет.
Анталиядағы жағажай, Түркия. Көрнекі сурет.
Түркиядан қайта алмай қалған қазақстандық туристердің соңғы легі елге оралды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Қазақстан туризм индустриясы комитетінің хабарлауынша, Анталияда қалған 134 туристі түркиялық "Pegasus Airlines" әуе компаниясы Алматыға 11 маусым күні кешке жеткізген.

Қазақстанның Анталиядағы консулдығының деректеріне қарағанда, осымен Түркиядан қайта алмай қалған туристердің барлығы елге келіп бітті.

Өткен аптада түркиялық Sky Airlines әуе компаниясы банкрот болғанын жариялаған соң оның қызметін пайдаланған мыңнан аса қазақстандық турист Түркиядан елге қайта алмай қалған еді. Туристердің көпшілігін Қазақстан өз күшімен елге жеткізген.
XS
SM
MD
LG