Accessibility links

Назарбаев әулеті тойға дайындалып жатыр


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның үлкен қызы Дариға Назарбаева Алматыда Еуразиялық медиафорумда. 27 сәуір 2010 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның үлкен қызы Дариға Назарбаева Алматыда Еуразиялық медиафорумда. 27 сәуір 2010 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтанның үйленгелі жатқанын айтқан EurasiaNet.org сайты отбасы мүшелерінің қоғамдағы орны мен дәулетін де шолып өткен.

Мақала авторы Джоанна Лиллис президенттік тақ төңірегіндегі саясат тақырыбымен қоса Назарбаевтар әулетіндегі ішкі мәселелерге де тоқталады.

«ТОЙ – ЖАЗДА»

Басылымның жазуына қарағанда, президенттің үлкен қызы Дариғадан туған жиені Айсұлтан Назарбаев (23 жаста) биыл жазда Лондон өнер мектебінде оқитын Алма Боранбаевамен (20 жаста) некелесуге әзірленіп жатыр. Қалыңдық – «ҚазРосГаз» бірлескен энергетика кәсіпорнының басшысы Қайрат Боранбаевтың қызы.

«Күйеу жігіттің отбасы қалыңдықтың есімін, той болатын күнді жасырын ұстап отыр. Бірақ 20 мамырда Дариға Назарбаева үйлену тойына әзірлік қызу жүріп жатқанын және оның «тез арада әрі ойдағыдай» өткізілетінін айтқан. Отбасылық той осы жазда өтпек» деп жазады басылым.

Ұлыбританиядағы беделді әскери білім орыны – Сандхерст әскери академиясын бітірген Айсұлтан Назарбаев – Қазақстан қарулы күштері қатарындағы лейтенант, Қазақстан премьер лигасындағы «Астана» футбол командасының запастағы ойыншысы.

«Айсұлтан Назарбаевтың әкесі Рахат Әлиев 2007 жылы президент Назарбаевтың кәріне ұшырап, соңынан Дариға Назарбаевамен ажырасып кеткен. Президентті қатты сынаушылардың біріне айналған Рахат Әлиев қазір Мальтада тұрады» деп жазады журналист.

«САН ҚЫРЛЫ ОТБАСЫ»

Автор президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үш қызы, сегіз жиені және екі жиеншары бар екенін тізіп шығады. Бұл әулетте саясаткерлер мен мұнай магнаттары, ақсүйек бикештер мен діни консерваторлар сияқты түрлі саланың өкілдері ұшырасатынына назар аудартады.

Отбасы мүшелерінің көпшілігі саясатпен айналыспайды, тек Дариға Назарбаева ғана әкесінің жолын қуған. Әлиевпен ажырасқан соң оның жұлдызы бірер жылға Дариға Назарбаева ән айтып тұр. Алматы, 8 қыркүйек 2012 жыл.

Дариға Назарбаева ән айтып тұр. Алматы, 8 қыркүйек 2012 жыл.

көмескі тартқандай болған, бірақ ол 2012 жылы саясатқа қайтып оралып, «Нұр Отан» партиясының атынан парламентте депутаттық креслоға ие болды.

«Кейбіреулер Дариға Назарбаева 72 жастағы әкесінің орнын басудан үміті бар екенін айтып жатады. Ол парламент сайлауының қарсаңында zakon.kz сайтына берген сұхбатында саясаттағы басты мақсаттарының бірі – «президент әкесінің барлық бастамаларына берік тірек болу» екенін айтқан» деп жазады мақала авторы. Дариға Назарбаева – бұған қоса опера әншісі әрі кәсіпкер. Forbes Kazakhstan журналының есебі бойынша, оның 593 миллион долларлық мал-мүлкі бар.

Дариға Назарбаеваның үлкен ұлы – 28 жастағы банкир Нұрәлі Әлиевтің байлығы 200 миллион доллар деп бағаланады. Нұрәлі Әлиевтің екі баласы бар.

«Бұлардың (Дариға Назарбаева мен ұлдарының – ред.) байлығы Назарбаевтың ортаншы қызы Динараныкінің қасында аздау көрінеді» деп жазады авторы.

Динара Назарбаева – күйеуі Тимур Құлыбаевпен бірге мұнай-газдан бастап банк саласына дейінгі бизнес-империяның қожайыны. Халықаралық Forbes Тимур Құлыбаев. Астана, 4 қазан 2011 жыл.

Тимур Құлыбаев. Астана, 4 қазан 2011 жыл.

журналының есебі бойынша, бұл отбасының дәулеті – 1,3 миллиард доллар.

«Президенттің жақындарының дәулеті әділетсіз жолмен келген» деп, оларға айып тағатындар бар. Назарбаев өз отбасы мүшелерінің де басқалар сияқты бизнеспен айналысуға хақы бар екенін айтып, сынаған пікірді елемеген сыңай танытты.

«Үлкен бақ-дәулетке ие болған Назарбаевтар отбасы президенттік билікті өздерінде сақтап қалуға ниетті. Саясатпен айналысуға құлықсыздық танытып жүргенімен, Тимур Құлыбаев та президенттік тақтан үміт етеді. 2011 жылы қарамағындағы мекемеде мұнайшылар ереуілін баса алмай, оның соңы адам өліміне ұласқан оқиғадан соң Құлыбаевтың беделі түсіңкіреп қалды» деп жазады басылым.

Мақала авторы Тимур Құлыбаев пен «Ұлыбританиядағы әйгілі бикеш» Гога Ашкеназиге қатысты әңгімені еске салады. Ұлыбритания баспасөзінде Құлыбаев принц Эндрюдің үйін сұраған бағасынан 4,5 миллион долларға қымбатқа сатып алған мәрттігі жайында, Ашкеназидің ұлының әкесі Тимур Құлыбаев екендігі хақында біраз материалдар жарық көрген.

«ТОЙҒА БАС ҚҰДА ҚАТЫСА АЛМАС»

Журналистің айтуынша, отбасының аста-төк дәулетінің арқасында Назарбаевтар ақпарат құралдарының назарына жиі ілігеді. Мәселен, президенттің кіші қызы Әлия Назарбаева «Пробуждение» фильмінде.

Әлия Назарбаева «Пробуждение» фильмінде.

Әлия Назарбаева 2010 жылы 30 жасқа толған туған күнін тойлауға 2,4 миллион доллар қаржы жұмсапты-мыс деген хабардан соң оны сынаған материалдар көп жарық көрген. Туған күніне орай жұрт оған вилла мен яхта сыйлаған деген әңгіме бар.

«Әлия Назарбаева Алматы қаласында Luxor атты салтанатты spa-салон иесі. Сонымен қатар ол бағасы 100 мың доллардан асатын, дәулеттілерге ғана арналған зергерлік бұйымдар әзірлеумен айналысады. Бірақ Әлия экология тақырыбына деректі фильм түсіру арқылы өзінің «ерке қыз» деген имиджін өзгертуге талпыныс жасады. «Халқыма, Қазақстаныма, жер шарына арнап толымды дүние жасайтын уақыт келген сияқты» деді ол.

Журналист Назарбаевтар отбасының және бір мүшесі – Қайрат Сатыбалдыны «қарулы күштерде, ішкі барлауда, мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдар Қайрат Сатыбалды. Астана, 7 қазан 2010 жыл.

Қайрат Сатыбалды. Астана, 7 қазан 2010 жыл.

атқарған діндар мұсылман» деп сипаттайды.

Әкесі қайтыс болған соң немере ағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығында өскен Қайрат Сатыбалды қазір «Нұр Отан» партиясында жастар патриотизмін насихаттау бойынша хатшы қызметін атқарады.

«Билеуші отбасы Айсұлтан Назарбаевтың тойына жиналғанда ақылдасатын шаруалары баршылық. Бірақ бұл жиынға оның әкесі – Рахат Әлиевтің қатыспайтыны анық. Себебі Әлиев Қазақстанға келсе, оны 40 жылдық түрме жазасы күтіп тұр» деп жазады EurasiaNet.org сайтындағы мақала авторы Джоанна Лиллис.

ИНФОГРАФИКА: Назарбаев әулеті, 1992 жыл.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG