Accessibility links

Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды


Жапониялық қарт Дзироэмон Кимура 116 жасқа толған кезінде. Киото, Жапония, 19 сәуір 2013 жыл.

Жапониялық қарт Дзироэмон Кимура 116 жасқа толған кезінде. Киото, Жапония, 19 сәуір 2013 жыл.

Әлемдегі ең қарт адам - жапониялық Дзироэмон Кимура 116 жасында қайтыс болды. Жапония үкіметінің хабарлауынша, 1897 жылы туған Кимура бүгін Киото префектурасындағы Кетанго қаласының ауруханасында қарттықтан қайтыс болған.

Өткен жылы желтоқсанда АҚШ-та ең ұзақ жасаған 115 жастағы әйел адам қайтыс болған соң Дзироэмон Кимура әлемдегі ең қарт адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кірген еді.

Жапониялық қарт 116 жасқа толғанын биыл сәуірде атап өткен. Ол почтада 40 жылға жуық уақыт жұмыс істеген. Жеті баласы болған.
XS
SM
MD
LG