Accessibility links

Мәжіліс билікке бағынбауға шақыру жазасын күшейтуді қолдады


Парламент мәжілісі. Көрнекі сурет.

Парламент мәжілісі. Көрнекі сурет.

Қазақстан парламенті мәжілісі бүгін биліктің талабына бағынбауға және жаппай тәртіпсіздіктерге шақырғаны үшін кесілетін жазаны күшейту туралы заң жобасына енгізілген түзетуді қолдады деп хабарлайды ҚазТАГ.

Заң жобасына түзетуді сенат енгізіп, мәжіліс қарауына жіберген. Заң жобасы енді президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қоюына жіберілмек.

Агенттіктің хабарлауынша, жоба бойынша билік талабына мойынсұнбауға және жаппай тәртіпсіздіктерге шақырған адам алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілмек. Бұған қоса бұл қылмыс түрі орташа ауыр қылмыстан ауыр қылмыс түріне өзгереді.
XS
SM
MD
LG