Accessibility links

ҰБТ-дан кейін 27 директор жұмыстан босамақ


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қызылорда облысының әкімі ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) төмен нәтиже көрсеткен 27 мектептің директорын жұмыстан босататынын ақпарат құралдары хабарлады.

Әкім Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, ҰБТ нәтижесі бойынша Қызылорда облысы 11-орын алған. Облыстағы 7 мың 755 мектеп бітірушінің 5 мың 178-і тест тапсыруға өтініш берген. ҰБТ өтетін күні 106 оқушы тест тапсырудан бас тартқан.

Әкімнің айтуынша, тест нәтижесінің төмен болуының себебі - мұғалімдер білігінің нашарлығы.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметі бойынша, маусымның 3-і мен 9-ы күндері аралығында өткен ҰБТ-ға 95 мыңнан аса мектеп бітіруші қатысқан.
XS
SM
MD
LG