Accessibility links

Түркия паркке байланысты референдум өткізуді ұсынды


Полиция демонстранттарды су шашып таратып жатыр. Стамбул, 11 маусым 2013 жыл.
Полиция демонстранттарды су шашып таратып жатыр. Стамбул, 11 маусым 2013 жыл.
Түркияның басқарушы Әділет және даму партиясы Стамбулда наразылықтарға себеп болған Гези паркінде құрылыс жүргізу мәселесін шешу үшін елде референдум өткізуді ұсынды.

Әділет және даму партиясының өкілі Хусейн Челиктің айтуынша, үкімет Стамбулда референдум өткізу демонстранттарды Гези паркі мен Таксим алаңында наразылықтарын тоқтатуға ықпал етеді деп үміттенеді.

31 мамыр күні Гези паркіндегі құрылысқа қарсы акция болып, полиция оны күшпен таратқан соң бірнеше қалада қарсылық шерулері басталған.

Демонстрациялар екі аптаға созылып, маусымның 11-інде Стамбулда Гези паркіне жақын Таксим алаңына арнайы полиция жасағы кіргізілген. Полиция шерушілерді қуып тарату үшін су, көзден жас ағызатын газ қолданған.

12 маусымда премьер-министр Режеп Тайып Ердоған шерушілердің бір топ өкілімен кездескен. Ердоғанның қарсыластары оны "авторитарлық билік орнатып жатыр және консервативтік ислами құндылықтарды енгізуге тырысады" деп айыптайды.

Наразылық шерулері басталғалы бері үш адам қаза тауып, 5 мыңнан астам кісі жараланған.
XS
SM
MD
LG