Accessibility links

Тунисте Femen өкілдері сотталды


Femen өкілдері әділет министрлігі алдында наразылық акциясы кезінде. Тунис, 29 мамыр 2013 жыл.

Femen өкілдері әділет министрлігі алдында наразылық акциясы кезінде. Тунис, 29 мамыр 2013 жыл.

Тунисте әділет министрлігінің алдында жартылай жалаңаштанып, акция өткізген еуропалық Femen тобының үш өкілі сотталды. Топ мүшелері қоғамдық әдепті аяққа таптады және қоғамдық тәртіпке қауіп төндірді деп айыпталып, төрт ай түрмеде отыру жазасына кесілді.

Парижде орналасқан қозғалыс жетекшісі Инна Шевченконың айтуынша, топ өкілдері осындай акцияларды тағы да өткізбек. Ол сот шешімін "Тунисте диктатура барын дәлелдейтін саяси шешім" деп атады.

Үш әйел өткен айда Тунис азаматы Амина Сбуиді босатуды талап етіп, акция өткізген. Амина Сбуи зират қабырғасына Femen деген жазу жазып кеткен соң тұтқындалған еді.

Сбуи Тунистегі әйелдердің жағдайына наразылық ретінде интернетке жартылай жалаңаш түскен суретін қойған соң халықаралық деңгейде танымал болған.
XS
SM
MD
LG