Accessibility links

АҚШ-та 8 адам "киберқылмыс жасады" деп айыпталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
АҚШ федералдық прокуратурасы сегіз адамға халықаралық кибер қылмысқа қатысы бар деген айып тақты. Күдіктілерге "алаяқтық жасады, қаржы жымқырды және жеке адамдардың деректерін ұрлады" деген айыптар тағылған. Айыпталғандардың арасында украин азаматтары да бар.

Прокуратура оларды оннан астам қаржы мекемелерінің және америкалық әскерилердің жалақы төлеу қызметінің компьютерлеріне кибер шабуыл жасады деп айыптайды. Прокуратураның деректері бойынша, қылмыстық топ өкілдері 15 миллион АҚШ долларын жымқырмақ болған.

Топтың басшысы ретінде аталған 33 жастағы украин азаматы Алексей Шарапка мен тағы бір украиналық қазір бостандықта жүр.

Қазірге дейін төрт адам тұтқындалған. Прокуратура хакерлік шабуыл Шарапка 2012 жылы Массачусетс штатында түрмеге түсіп, АҚШ-тан депортацияланғаннан соң басталған деп болжайды.
XS
SM
MD
LG