Accessibility links

Назарбаев ауыл әкімдерін сайлау туралы заңды бекітті


Тасқынға ұшыраған Қызылағаш ауылындағы президент Назарбаев бейнеленген билборд. Алматы облысы, 9 наурыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Тасқынға ұшыраған Қызылағаш ауылындағы президент Назарбаев бейнеленген билборд. Алматы облысы, 9 наурыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына қол қойды.

Заң мәслихат депутаттарының аудандық маңызы бар қалалар мен ауыл, селолық округ әкімдерін сайлау нормаларын қарастырады.

Заңда жергілікті жерлердегі әкімдердің өз аймағындағы мәселелерді шешуінде қаржылай және экономикалық әл-ауқатын кеңейту жағы да қамтылған.

Бұған дейін, мәжіліс жобаны алғашқы оқылымда мақұлдағанда өңірлік даму министрі Министр Сағынтаев жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы екі кезеңге (2013-2015 және 2015-2020 жылдар) бөлінгенін айтқан еді.
XS
SM
MD
LG