Accessibility links

Қазақстан сенаты Ресеймен достық келісімін бекітті


Қазақстан парламенті. (Көрнекі сурет)

Қазақстан парламенті. (Көрнекі сурет)

Қазақстан парламенті сенаты Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара көмек пен ынтымақтастық және достық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Достық туралы келісім 1992 жылы қабылданған.

Хаттамада негізінен заңсыз көші-қон, адам саудасымен күрес және ақпараттық қауіпсіздік саласында ынтымақтастықты кеңейту қарастырылған.

Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара көмек, ынтымақтастық пен достық туралы келісім екі ел қарым-қатынасындағы басты құжат болып саналады.

Ратификациялау туралы заң жобасы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қоюына жіберілді.
XS
SM
MD
LG