Accessibility links

Бұрынғы шекара қызметі бастығы орынбасарының соты басталды


Сот трибунасы. (Көрнекі сурет)
Сот трибунасы. (Көрнекі сурет)
Алматының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотында ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекара қызметі директорының бұрынғы орынбасары Алима Хасенованың үстінен сот басталды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Әскери соттың баспасөз хатшысы Шолпан Шикетаеваның айтуынша, Алима Хасеноваға "билікті теріс мақсатта, асыра пайдаланды", "пара алды", "өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иемденді" деген айыптар тағылған. Тергеу деректеріне қарағанда, ол "шекара заставаларының құрылысын жүргізген кезде 300 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған".

Сотты қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ербол Ахметжанов жүргізіп жатыр. Сотқа Алима Хасеновадан өзге екі адам тартылған.

Алима Хасенованың үстінен қылмыстық іс 2010 жылы тамызда қозғалған еді. Сол жылы 4 қыркүйекте Ақмола гарнизонының әскери соты оны тұтқындаған.

Хасенова шекара қызметі директорының орынбасары қызметін 2006 жылдың шілдесінен 2009 жылдың сәуіріне дейін атқарған.
XS
SM
MD
LG