Accessibility links

Ақ Үй: "Сирия үкіметі химиялық қару қолданған"


Ақ Үй, Вашингтон. Көрнекі сурет

Ақ Үй, Вашингтон. Көрнекі сурет

13 маусымда Ақ Үй АҚШ барлау ұйымдарының мәліметіне сүйене отырып Сирия үкіметі көтерілісшілермен қақтығыс кезінде бірнеше мәрте зарин сияқты химиялық қару қолданған деген мәлімдеме жасады.

АҚШ президенті Барак Обама бұған дейін Башар Асад үкіметінің химиялық қару қолдануы шектен асушылыққа жататынын, мұндай жағдайда Сириядағы жанжалға АҚШ әскерінің араласуы күшейетінін айтқан еді.

Ұлттық қауіпсіздік бойынша президент кеңесшісінің орынбасары Бен Роудз 13 маусым күні жаңадан табылған айғақтарға байланысты Барак Обама сириялық көтерілісшілерге әскери көмек беру туралы шешім қабылдағанын жариялады.

Роудздің сөзінше, АҚШ-тың барлау ұйымдары Сирия үкіметінің әскері қолданған химиялық қарудан 100-150 адам шамасында өлгенін анықтаған.

- Біздің барлау ұйымдарымыз Асад режимі зарин сияқты химиялық қаруларды өткен жылы бірнеше мәрте аз ауқымда қолданғанын анықтады, - деді ол.

Роудз АҚШ үкіметінің сириялық көтерілісшілерге нақты қандай әскери қолдау жасайтынын анықтап жатпады. Ол Сирияны азат ету армиясының және Сирия оппозициялық кеңесінің басшыларымен келіссөз жүріп жатқанын айтты. Роудз Сирия оппозициясындағы "кейбір экстремистік элементтерді оқшауландырудың маңызды екеніне" де назар аудартты.
XS
SM
MD
LG