Accessibility links

Игорь Рогов: Заңдар негізсіз жиі түзетіледі


Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы сенат депутаттарының жалпы отырысы. Көрнекі сурет.

Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы сенат депутаттарының жалпы отырысы. Көрнекі сурет.

Конституциялық сот төрағасы Игорь Рогов "Қазақстан заңдарына негізсіз түзетулер мен толықтырулар жиі енгізіледі" деп мәлімдеді.

Ол парламент палаталарының бірлескен отырысында "Мемлекеттік органдар қолданыстағы заңдар мен басқа да құқықтық актілерге негізсіз жиі түзетулер мен толықтырулар енгізілетініне назар аударуы қажет" деді.

Роговтың айтуынша, 2012 жылы ғана әкімшілік кодексіне 25 заң арқылы, салық кодексіне 20 заң арқылы, халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске тоғыз заң арқылы түзетілер енгізілген.

Ол бұған қоса заңдардағы кейбір ұғымдардың мағынасын анықтау қажетін де айтты.
XS
SM
MD
LG