Accessibility links

Аргентинаның экс-президенті сотталды


Аргентинаның бұрынғы президенті Карлос Менем. Суреттің түсірілген күні белгісіз.
Аргентинаның бұрынғы президенті Карлос Менем. Суреттің түсірілген күні белгісіз.
Аргентинаның бұрынғы президенті, қазір сенатор Карлос Менем "1990 жылдары Эквадор мен Хорватияға қару-жарақ контрабандасын ұйымдастырды деген айыппен" жеті жылға сотталды.

Буэнос-Айрес соты 82 жастағы Менем жазасын бірден өтей бастауы тиіс деген шешім шығарды.

Бірақ Менем түрмеге жөнелтілуі үшін парламент одан сенатор ретіндегі қол сұғылмаушылық құқын алып тастауға келісім беруі қажет.

Карлос Менем 1989 және 1999 жылдары екі мерзім президент болған. Оған наурыз айында 1991 -1995 жылдар аралығында БҰҰ эмбаргосын бұза отырып Эквадор мен Хорватияға қару-жарақ жөнелтті деген айып тағылған.

Экс-президент қару-жарақ саудасы туралы құпия құжатқа қол қойғанын мойындады. Бірақ ол қару-жарақ Венесуэла мен Панамаға экспортталуы тиіс болатын дейді.

Карлос Менемде сот үкіміне шағым беру құқығы бар.
XS
SM
MD
LG