Accessibility links

Шерушілер Гези паркінен кетуден бас тартты


Полиция Таксим алаңында демонстранттарды тарату үшін су шашып тұр. Стамбул, 13 маусым 2013 жыл.

Полиция Таксим алаңында демонстранттарды тарату үшін су шашып тұр. Стамбул, 13 маусым 2013 жыл.

Стамбулдағы Гези паркіне жиналған үкіметке наразылық танытушылар паркті тастап шығудан тағы да бас тартты.

Премьер-министр Режеп Тайып Ердоған жұма күні наразылыққа түрткі болған парктегі құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін ағаштарды отау уақытша тоқтатылатынын айтып, демонстранттарды паркті босатуға шақырған.

Бірақ наразылық танытушылар сенбі күні үкіметтің ұсынысын қабылдамайтыны туралы мәлімдеме жасады. Демонстранттар "елдегі әділетсіздіктерге байланысты шерулерді одан ары жалғастыра беретіндерін" айтады.

Ел астанасы Анкарада полиция сенбіге қараған түні парламент үйінің маңына бекінген шерішулерді тарату үшін тағы да су шашып, көзден жас ағызатын газ қолданды.

31 мамыр күні Гези паркіндегі құрылысқа қарсы акция болып, полиция оны күшпен таратқан соң бірнеше қалада қарсылық шерулері басталған. Шерулер біртіндеп үкіметке қарсы сипат алып, демонстранттар Ердоған үкіметінің отставкаға кетуін талап еткен.

Наразылық шерулері басталғалы бері үш адам қаза тауып, 5 мыңнан астам кісі жараланды.
XS
SM
MD
LG