Accessibility links

Кэмерон: Лондон мен Мәскеу келісе алады


Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Лондон, 16 маусым 2013 жыл.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Лондон, 16 маусым 2013 жыл.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмероннның пікірінше, Сириядағы қақтығыстарға қатысты ұстанымдары алшақ болғанына қарамастан, Ұлыбритания мен Ресей арадағы кейбір түсініспеушіліктерді жоя алады. Кэмерон мұны Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінен соң өткізген баспасөз жиынында мәлімдеді. Путин мен Кэмерон Солтүстік Ирландияда өтетін "Үлкен сегіздік" саммитінің қарсаңында кездесті.

Ресей президенті Владимир Путин "Ресей Сирияға қару-жарақты халықаралық құқық талаптарына сай экспорттап отырғанын" айтады. Путиннің сөзіне қарағанда, Сирияға қатысты халықаралық форум өткізу идеясы әлі күн тәртібінде тұр.

Кремль Сирия мәселесінде президент Башар Асад үкіметін қолдайды. Ал Ұлыбритания сириялық көтерілісшілерге қолдау танытып, оларды қару-жарақпен қамтамасыз ету жағын қарастырып келеді.

Бұған дейін АҚШ Сирия үкіметінің әскері көтерілісшілерге қарсы химиялық қару қолданғанына дәлелдер табылғанын мәлімдеп, сириялық көтерілісшілерге қару-жарақ жеткізуге дайын екенін білдірген еді.
XS
SM
MD
LG