Accessibility links

Тәжікстанда жоғалған балалар жасырын медреседен табылды


Медреседе Құран оқып отырған балалар. Көрнекі сурет.
Медреседе Құран оқып отырған балалар. Көрнекі сурет.
Тәжікстан полициясы осыдан біраз уақыт бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен он шақты баланы Душанбе маңындағы жасырын медреселерден тапты.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, жасырын медреселердің мекен-жайын тергеушілер өткен аптада бес жастағы баланы ұрлады деген күдіктіні тергеу кезінде анықтаған.

Полицияның дерегіне қарағанда, медреселерде табылған балалардың барлығын кезінде ұрлап әкеткен.

Билік орындары ұрланған балалардың басым бөлігі кедей отбасылардан шыққанын және көпшілігінің ата-аналары балаларының жоғалғаны туралы полицияға хабар бермегенін айтады.
XS
SM
MD
LG