Accessibility links

Қырғызстанда оппозициялық үш депутат ақталды


"Ата Жұрт" партиясының депутаттары Камчыбек Ташиев (сол жақта), Садыр Жапаров (ортада) және Талант Мамытов сот залында. Бішкек, 10 қаңтар 2013 жыл.

"Ата Жұрт" партиясының депутаттары Камчыбек Ташиев (сол жақта), Садыр Жапаров (ортада) және Талант Мамытов сот залында. Бішкек, 10 қаңтар 2013 жыл.

Бішкек соты оппозициялық "Ата Жұрт" партиясының "билікті басып алмақ болды" деген айыппен сотталған үш депутатын ақтап, оларды дереу босатуға үкім шығарды.

Наурыз айында Камчыбек Ташиев, Садыр Жапаров және Талант Мамытов "мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды" деп айыпталып, бір жылдан бір жарым жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған еді. Үшеуі "2012 жылдың қазанында үкіметке қарсы демонстрациялар ұйымдастырды" деген айыппен тұтқындалған.

Прокурорлар сотта оларға тоғыз жылдан он жылға дейін жаза кесуді сұраған.

Сот әуелде үкімді 24 маусымда шығармақшы еді. Дүйсенбідегі сот отырысы кезінде оппозиция жақтастары тәртіпсіздіктер ұйымдастырды. Наразылар үш депутатты дереу босатуды талап етіп, сот пен прокурорға бөтелке мен аяқ киім лақтырды.
XS
SM
MD
LG