Accessibility links

Бразилияда жүздеген мың адам наразылық танытты


Бразилияда жүздеген мың адам қоғамдық көлікте жол жүру бағасының қымбаттауы мен футболдан әлем чемпионатына арналып қымбат стадион салынуына наразылық танытты.

Дүйсенбіде өткен демонстрацияларға 650 мыңға тарта адам қатысты.

Демонстрация негізінен бейбіт түрде өтті. Бірақ Рио-де-Жанейрода шерушілердің шағын тобы көлікті өртеп, полицияға тас лақтырды.

Дүйсенбідегі демонстрация - елде екі аптадан бері экономикалық дағдарыс пен инфляцияның өсуі, қылмыстың көбеюіне қарсы өтіп жатқан наразылық шерулерінің ең ірісі болып отыр.

Бразилияда 2014 жылы футболдан әлем чемпионаты өтеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG