Accessibility links

Атырауда 32 жастағы әйел терроризм айыбымен сотталды


Сотталушы Гүлмира Жұмашева сот залында отыр. Атырау, 18 маусым 2013 жыл.
Сотталушы Гүлмира Жұмашева сот залында отыр. Атырау, 18 маусым 2013 жыл.
Атырау қалалық №2 соты сейсенбіде жергілікті тұрғын, 32 жастағы Гүлмира Жұмашеваны терроризм айыбымен соттады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Сотты жүргізген судья Айгүл Тәшенова Гүлмира Жұмашеваны қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыпты деп тауып, жеті жылға соттауға үкім шығарды. Оған "кәмелетке толмаған балаларды ұрып-соқты", "терроризмді насихаттады" және "кәмелетке толмаған балаларды террористік әрекеттер жасауға итермеледі" деген айыптар тағылған.

Сотқа қатысқан облыстық прокурорының көмекшісі Тұрсынай Бурабаева Азаттық тілшісіне айыпталушының күйеуі бұған дейін Атырауда болған "терактілердің біріне қатысып, көзі жойылғанын" айтты. Оның сөзіне қарағанда, Жұмашева азаматтық некеде болған күйеуімен бірге келген кәмелетке толмаған ұлын "ұрып-соғып, құқық қорғау орындарың бірінің ғимаратында жарылыс жасауға итермелеген".

Судья бұған қоса Гүлмира Жұмашеваның алты жастағы қызын айыптының сіңлісінің қарауына беру туралы бөлек үкім шығарған.

Сот "айыпталған әйелден заттай айғақ ретінде алынған 20-ға жуық діни әдебиеттің кейбірін" істе сақтап қоюды шешкен. Олардың арасында "Мұсылман сипаты", "Великий имам агзам Абу Ханифа" кітаптары аталады.
XS
SM
MD
LG