Accessibility links

Ресей бір жынысты отбасыға бала беруге тыйым салмақ


Гейлер құқығын қорғаушылар гомосексуализмге тыйым салатын заң жобасына наразылық танытып, Мемлекеттік дума алдында сүйісіп тұр. Мәскеу, 11 маусым 2013 жыл.

Гейлер құқығын қорғаушылар гомосексуализмге тыйым салатын заң жобасына наразылық танытып, Мемлекеттік дума алдында сүйісіп тұр. Мәскеу, 11 маусым 2013 жыл.

Ресей мемлекеттік думасы сейсенбіде шетелдік бір жынысты отбасыларға асырауға бала беруге тыйым салатын заң жобасын екінші оқылымында мақұлдады.

Жетім балаларды қорғау туралы заңға түзетулер енгізу жайлы заң жобасы бүгін үшінші оқылымда қаралып, думаның мақұлдауынан өтеді деген болжам бар.

Жетім балаларды қорғау туралы заңға енгізілетін түзетулер де шетелдік бір жынысты отбасылардың ресейлік жетім балаларды асырап алуына тыйым салуды көздейді.

Өткен айда ресейлік бала құқықтары жөніндегі комиссар Ресей мен Франция арасындағы бала асырап алу туралы келісімді тоқтатуды ұсынған. Оның ұсынысына Францияның бір жынысты азаматтарды некеге тұруына рұқсат етуі себеп болған.

Ресей президенті Владимир Путин осыдан екі апта бұрын "парламент бұл заң жобасына қолдау білдірсе, оған қол қоятынын" айтқан.
XS
SM
MD
LG