Accessibility links

Қажылыққа барушылар 20 пайызға кемиді


Меккедегі қажылар. Сауд Арабиясы, 19 қазан 2012 жыл.

Меккедегі қажылар. Сауд Арабиясы, 19 қазан 2012 жыл.

"Биыл қажылық сапарына барамын деушілер саны 20 пайызға қысқарады" деп хабарлады Қазақстандағы қажылық сапарын ұйымдастырушы компаниялардың бірінің директоры Айдос Дүйсенов.

- Меккедегі "әл-Харам" мешітіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты дүниежүзі бойынша қажыға келетіндер қысқартылып жатыр. Мәселен, биыл Қазақстаннан 5 мың 500 адам баруы тиіс болса, енді ол 20 пайызға қысқармақ. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де солай. Осыған сәйкес ескерту бізге ҚМДБ-дан кешелі бері түсіп жатыр, - деді Айдос Дүйсенов.

Оның айтуынша, «қажылықты кейінге қалдыруға болмайды, тек шектеу салып отыр».

Бүгін Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының (ҚМДБ) ресми сайты "Сауд Араб елінің бас мүфтиі әлемдік мұсылман қауымдастығына биылғы жылдың қажылық және умра сапарын кейінге шегере тұру туралы ресми үндеу жариялады" деген ақпарат таратқан еді.

ҚМДБ Сауд Арабиясының бас мүфтиі Абдел Әзиз Әл-Шейхқа сілтеме жасап "ресми биліктің аталған құрылыс жұмыстарына байланысты қажылыққа келушілердің санын алдағы екі-үш жылда қысқартуға мәжбүр болып отырғанын" мәлімдеген.

Қажылыққа барушылардың санын шектеу жолдарын білу үшін ҚМДБ-ға хабарласқанымызбен, жауап ала алмадық.
XS
SM
MD
LG