Accessibility links

Қазақстандық әнші БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі атанды


БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттігінің белгісі. (Көрнекі сурет)

БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттігінің белгісі. (Көрнекі сурет)

Қазақстандық әнші, композитор Айдос Сағат БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің ізгі ниет елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының қоғаммен байланыс департаменті хабарлады.

БҰҰ өкілдігі "Үркер" музыкалық тобының жетекшісі Айдос Сағат босқын балаларға қорған болып, босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының құрметті өкілі қызметін атқарғанын айтады.

Әнші балалардың музыка мен өнер саласында қосымша білім алуына қолдау білдірген.

Бұған дейін әнші Батырхан Шүкенов БҰҰ балалар қорының ізгі ниет елшісі болып тағайындалған еді.
XS
SM
MD
LG