Accessibility links

Барак Обама ядролық қару туралы айтты


АҚШ президенті Барак Обама Бранденбург қақпасында сөйлеп тұр. Берлин, 19 маусым 2013 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Бранденбург қақпасында сөйлеп тұр. Берлин, 19 маусым 2013 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Берлиндегі Бранденбург қақпасында сөйлеген сөзінде стратегиялық ядролық оқтұмсықтардың үштен бірін азайту туралы Ресеймен келіссөз жүргізуге дайын екенін айтты.

Стратегиялық шабуыл қаруларын азайту жөнінде АҚШ пен Ресей 2010 жылы қол қойған келісім бойынша мұндай ядролық құралдар саны 1550-ге дейін шектелуі керек.

Барак Обама Берлиндегі сөзінде Еуропаға жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту үшін экономикалық саясатын өзгерту жайлы ұсыныс айтты.

АҚШ президенті әлемдік климат өзгеруіне қарсы тезірек шешім қабылдау жайын да сөз етті.

Барак Обаманың Бранденбург қақпасында тұрып сөз сөйлеуі АҚШ-тың бұрынғы басшысы Джон Кеннедидің 1963 жылы Батыс Берлинде айтқан тарихи сөзіне 50 жыл толуына орайлас келді.
XS
SM
MD
LG