Accessibility links

АҚШ: Өзбекстан мен Ресей адам саудасымен күреспей отыр


АҚШ мемлекеттік департаментінің әлемдегі адам саудасымен күрестің жай-күйі туралы 2012 жылға арналған есебі. Маусым 2012 жыл. Көрнекі вурет.

АҚШ мемлекеттік департаментінің әлемдегі адам саудасымен күрестің жай-күйі туралы 2012 жылға арналған есебі. Маусым 2012 жыл. Көрнекі вурет.

АҚШ мемлекеттік департаменті әлемдегі адам саудасымен күрестің 2012 жылғы жай-күйі туралы есебін жариялады.

Есепте Өзбекстан мен Ресей әлемдегі адам саудасына қарсы ешқандай шара қолданбай отырған елдер ретінде аталған.

Вашингтонның ұйғарымынша, бұл екі елге қоса Иран да адам саудасы мәселесін шешуге тырыспай отыр және болашақта да онымен айналысуды жоспарлап отырған жоқ. Мұның жазасы ретінде АҚШ осы елдерге көрсетілетін көмекті тоқтатуы мүмкін екенін ескертеді.

Өзбекстан, Ресей және Ираннан кейін тізімде адам саудасының жай-күйі нашар елдер ретінде Ауғанстан, Украина, Албания, Беларусь және Түркіменстан аталады.

АҚШ мемлекеттік департаменті Армения мен Македонияны адам саудасымен күреске ең көп көңіл бөліп отырған елдер деп атайды. Бұл мемлекеттерден кейін адам саудасына қарсы күрес жүргізуге ұмтылып отырған елдер тізімінде Әзербайжан, Босния, Герцеговина, Косово, Грузия, Ирак, Қазақстан, Пәкістан, Румыния және Тәжікстан бар.

АҚШ үкіметінің дерегі бойынша, әлемде жыл сайын шамамен 27 миллион жан адам саудасының құрбанына айналады.
XS
SM
MD
LG