Accessibility links

Өзбек шекарашылары қырғыз азаматын атып тастады


Қырғыз-өзбек шекара бекеті. Көрнекі сурет.
Қырғыз-өзбек шекара бекеті. Көрнекі сурет.
Өзбекстан шекарашылары белгісіз жағдайда қырғыз азаматын атып тастады.

Қырғызстанның шекара қызметінің хабарлауынша, оқиға 20 маусымға қараған түні Баткен облысының Айдаркен шекара отрядына қарасты "Марказ" шекара бекеті маңында болған. 37 жастағы жергілікті тұрғын мен өзбек шекарашылары жанжалдасып, шекарашылар қырғыз азаматын атып тастаған.

Бүгін қаза тапқан азаматтың туыстары мен оларды қолдаған 200-ге тарта адам Ош-Баткен жолын жауып тастап, Қырғызстан үкіметінен оқиғаға мұқият және әділ тергеу жүргізуді талап етті. Наразылар бұған қоса биліктен Өзбекстанмен арадағы шекараны толық белгілеуді де талап етті.

Өзбекстан оқиғаға байланысты ресми түсінік берген жоқ.

Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында екіжақ арасында жанжал жиі болып тұрады және ол көбінесе шекара маңындағы мал ұрлығынан туындап жатады.
XS
SM
MD
LG