Accessibility links

СІМ: Ресейдегі жарылыста қазақстандық зардап шеккен жоқ


Ресейдің Самара облысындағы әскери полигонда болған жарылыстан қаза тапқан я жараланған адамдар арасында Қазақстан азаматы жоқ. Бұл туралы Азаттық тілшісіне сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов хабарлады.

Бұған дейін кейбір ақпарат құралдары "Самара облысы аумағындағы әскери қоймалардың бірінде болған жарылыста полигонда жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматы қаза тапты" деп жариялаған еді.

Айтмаханов "Қазақстанның Астрахан қаласындағы консулдығы жіберген мәлімет бойынша, Самара облысындағы полигонда болған жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар арасында Қазақстан азаматы жоқ" деді.

18 маусым күні Ресейдің оңтүстік-батысындағы Самара облысында оқ-дәрі сақталған полигондардың бірінде бірнеше жарылыс болып, өрт шыққан. Жарылыстан соңғы деректер бойынша 40-тан астам зардап шегіп, сол маңдағы 6 мыңнан астам тұрғын өзге жаққа көшірілген. Жарылыс себептері анықталып жатыр.
XS
SM
MD
LG