Accessibility links

Сенат азаптауға қарсы заң жобасын мақұлдады


Әділет министрі Берік Имашев.
Әділет министрі Берік Имашев.
Парламент сенаты азаптаудың алдын алу туралы заң жобасы қаралды деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Парламентте баяндама жасаған әділет министрі Берік Имашевтің айтуынша, заң жобасында адам құқықтары жөніндегі өкілетті орган мен азаматтық қоғам өкілдерін қатыстыру арқылы азаптауға жол бермеу тетіктерін жасау көзделген.

Қолданыстағы заң бойынша бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстайтын мекемелерге тек қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері ғана кіре алады. Ал жаңа заң жобасы мақұлданса мұндай орындарға адам құқықтарын қорғаумен айналысатын қоғамдық ұйымдардың өкілдері, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер мен дәрігерлер де кіре алады.

Имашевтің сөзіне қарағанда, заң жобасы арқылы төрт кодекс пен төрт заңға өзгерістер енгізілмек.

БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстанды тұтқындарды азаптайды деген кейбір елдердің азаматтарын экстрадициялады деп сынаған еді.
XS
SM
MD
LG